16 тамыз күні Юльев ауылдық кітапханасы Әсия Беркеноваға арналған "Ата – баба тарихы көп нәрсені міндеттейді" атты шығармашылық кешін ұсынады. Әсия Беркенова-кеңес және қазақ айтыс ақыны, қоғам қайраткері. Қазақ КСР халық ақыны.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Ақын-импровизатордың өмірлік және шығармашылық жолы, оның облыс мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқаны туралы айту, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу.
Биыл Әсия Беркенова 77 жасқа толды. Домбыра – оның өмірлік серігі.Әсия Беркенованың ақындық қасиеті мен тума таланты, оны Қазақстанның халық ақынына айналдырды. Айтысқа 1980 жылдардан қатыса бастаған еді.Жүзден астам жыр додасына қатысты. Сол кезден-ақ халықтың ыстық ықыласына бөленген. Ақындық қасиеті ерекше біртуар сөз шебері сахнадан бір сәт алыстаған емес, ақынның жыр шумақтарын халық ыстық ықыласпен қабылдайды.