"Киелі күй бар жерде рухымыз биік" Осындай атпен Құсмұрын ауылдық кітапханасы әдеби музыкалық композициясын дайындады.
Мақсаты: қасиетті қара домбыраның шығу тарихына шолу жасау.
Домбыра - қазақ халқының асыл қазынасы. Бұл киелі аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Заманның ағысы сан құбылса да өзінің өзектілігін жоғалтпаған аспабымыз туралы аңыз да көп. Екі ішектің бірін тартып, бірін сәл кем бұрау арқылы елдің көңіл- күйін санасына сіңірген киелі аспабымыз қашан да өзектілігі мен маңызын жоғалтпақ емес. Төрімізден домбыра түспесін. Домбыра тек бейбітшілігіміз үшін шертілсін!