ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізілген «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауының нәтижесі өткен жылдың соңында өз мәресіне жетті, осы республикалық конкурстың нәтижесінде біздің Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі бірнеше туындылармен толықты сол конкурста жеңімпаз болған туындылар музей қорына тапсырылды.
Бүгінгі сюжетте Екінші орын иегері Суретші Өмірзақ Рыстан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. «Ұрпақ қорғаны» жұмысы (Алматы қаласы).
Ақын Ұларбек Дәлейұлы 1980 жылы Алтай аймағының Көктоғай ауданында дүниеге келген. (Нұр-сұлтан қаласы).