Новоселов ауылдық кітапханасы Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған « Шындықтың және еске алудың қайта оралуы» бейнетаспасын ұсынады.
Мақсаты: жастардың санасына, келешек ұрпаққа ұшыраған адамдардың рухани төзімділікпен ертеңгі күнге деген сенімділігін ұғындыру. Өздері қалаған іргетасын қалаған қоғамның бет - бейнесін ашу.
Оқырмандар назарына қазақтың озық зиялылары – «Алаш» алаш қозғалысы өкілдерінің тағдырын көрсететін материалдар көрсетілді. Сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ерекше құрбандығы мен еліне деген батылдығын көрсететін материалдар жинақтары кең форматта көрсетілді.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қазақ халқының өткенін ой елегінен өткізіп, тарихымыз бен тәуелсіздігімізді бағалауға үндейді.