«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»
Жан Жак Руссо
Әдетте, бала оқыту машығын игеріп, білім беру мамандығын игерген жанды мұғалім дейді. Мұғалім болу – екінің бірінің қолынан келер іс емес. Ал, шын мұғалім болу тіптен де. Алайда, осы мұғалімдердің де мыңнан бірі ғана «ұстаз» деген атқа шын лайықты болады. Ондай атқа лайық болған адам білімі мен білігіне, тәлімі мен тәжірибесіне, ал, ең бастысы махаббаты мен мейіріміне тек шәкірттерін ғана емес, айналасын тұтастай бөлейді...
Мартыкенова Рымкеш Асанханқызы сондай жан еді десек, оны білген ешкім дау тудырмас. Ал, танымайтын жандарға осы деректі фильм арқылы осы бір абзал жанның өнегелі ғұмырын паш етпекпіз...