Биылғы көк шөп бұрынғыдан өзгеше, түсі қанық, шұрайлы әрі шүйгін. Арқамның кең жазиралы осы даласын суретке түсіру үшін туған жерге бірнеше рет тағы да келу керек . Ес білгеннен көктің дәл осылай шыққанын көрмеппін. Бұрындары тіпті мамырда ағаштар әлі бүр жармаған кездер болатын. Бұтақтарды үйде суға салып, содан ол бүршік жарып, кішкентай жапырақтары шығатын. Осы жылы барлық ағаштарда жапырақтар жайнап тұр. Кең даладағы көк шөп қандай десеңші!
Сарыарқа топырағының, Нұра елінің тумасы Төлеген Ниязбеков