Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы — 20.3.1996, Алматы) — композитор, Қазақстанның халық артисі (1991).
1960 — Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген.
1961 — 1964 ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім
1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер
1966 — 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім
1967 — 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды.
1969-1974 ж. «Гүлдер» ансамблінде
1974 — 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді.
Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар», т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді.
Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс»), кинофильмге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні», т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.
https://beiceuov.ucoz.ru/news/set_bejseuov_mirbajany/2015-02-16-1
Армандастар.
Арман қуған, қиял қуған кезің қайда
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Қайдасыңдар - құрдастар
Бір ауылдың мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде биік мақсаттарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!
Бір ауылдың мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?
Ақ гүлім
Балалық, қызық дәурен қайда қашқан
Төбеде тұрып еді жайнап аспан
Жұлдызды таң атқанша санаушы едік
Санына жетпейміз деп ойламастан
Армандай бала құрбым
Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің
Қайда кеттің, қайдасың
Қайда кеттің, қайдасың
Шаттығым менің, ақ гүлім менің
Сағындым сені мен
Ерке едің, еркелеген бұлбұлым ең
Талай ән көкірегімнен, тудырып ең
Ойлаппыз бірге жүре береміз деп
Қоштасам демеппін-ау бір күні мен
Армандай бала құрбым
Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің
Қайда кеттің, қайдасың
Қайда кеттің, қайдасың
Шаттығым менің, ақ гүлім менің
Сағындым сені мен
Маралдым.
Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған
Естайға әлемде жоқ ән салдырған
Маралды! Маралды - төр! Маралды - көл
Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан
:
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның
Туған ел, туған жерім - "Қызыл таңым"
Сапырған күн астында қызыл дәнін
Өссем де құшағыңда ажырамай
Көркіңе көрмегендей қызығамын
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның
Туған жер, өскен елім - "Қызыл таңым"
Сенікі ішкен суым, тұзым-дәмім
Даңқыңды, дәулетіңді шалқытады
Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның.