Қазақстан халқы тілдер күніне орай ауылдық кітапханада «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кітапханалық караоке өткізілді. Іс -шара барысында жас оқырмандар Қазақстан халықтары тілінде өлеңдер оқып, ақын-жазушылардың шығармаларымен танысты. Сейілмұратқызы Арайлым татар тілінде "Туған ауыл" атты, Оспанова Айбарша башқұрт тілінде "Күз" Әзімхан Аяна қырғыз тілінде "Табиғатым", Ахмина Айсәуле украин тілінде "Отаным", Алиева Айзере белорус тілінде "Туған жер" атты шығармаларын оқыды.