Он бес күннің ішінде 89-ға жуық ұлтқа жанашыр азаматтардан 280 000 тг қаражат жиналды, ол азаматтарға алғысымыз шексіз. Сәуір айының 24-не дейін 3 000 000 тг қаражат жинамасақ, ай соңында Dombyra Ұлттық телеарнасы эфир жұмысын тоқтатуға мәжбүр. «Көп түкірсе көл» деген сөз бар қазақта, ұлттың болашағы үшін керек телеарнаға жылу жинау жалғасуда. Келешекте телеарнамыз ұсынған дәстүрлі музыка, халықтық педагогикаға бет бұрғызар тағылымды хабарлар көрермен көңілінен шығады деген сенімдеміз. Жастарымыз ұлтымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білсе, сонда ғана Мәңгілік қазақ елі боламыз.