Кележаткан Рамазан Айты мубарак болсын!
Рамазан айтының маңызы
Әнәс бин Маликтің (р.а.) жеткізген хадисте: “Аллаһ тағала Рамазан айтының түнінде Рамазан айын ораза ұстап өткізген құлдарына сый-сыяпатын, сауаптарын береді. Ал, айт таңында періштелеріне жер бетіне түсулерін әмір етеді. Олар жол бойына, көше бойына тұрады да адам мен жыннан басқаның бәрі ести алатындай дауыспен былай деп жар салады:
“Ей, Мұхаммед үмметі! Азды қабыл етіп, көпті берген және үлкен күнәларыңды кешірген Раббыларыңа қарай бет алдыңдар”. Мұсылмандар айт намазын оқып, дұғаларын жасағаннан соң, Аллаһ тағала оларға тілегендерінің бәрін де береді”.
Ибн Аббас (р.а.) жеткізген бір хадисте: “Фитр түні, яғни Рамазан айт түні “Ләйлә и жаизә” (сыйлық тарату түні) деп аталған. Айт таңы атқан кезде Аллаһ тағала періштелерін жер бетіне түсіреді. Олар жер бетіндегі көше, жол бойына тұрады да адам мен жыннан басқаның бәрі еститіндей былай дауыстайды: “Уа Мұхаммед үмметі! Үйлеріңнен шығып, сендерге өте көп сауап берген, және үлкен күнәларыңды кешірген Раббыларың жаққа, мешіттерге барыңдар”.
Адамдар айт намазын оқу үшін үйлерінен шыққан кезде, Аллаһ тағала періштелеріне: “Ей, періштелерім! Бір жұмыскер жұмысын бітірген соң, нені тосады?” дейді. Періштелер: “Ей, Раббымыз! Толық еңбек ақыларының төленуін”- дейді.
Аллаһ Тағала оларға: “Ей, періштелерім! Сендерді куә қыламын. Олардың Рамазанда ұстаған оразаларының, оқыған намаздарының сауабы ретінде мен де оларға ризамды және жарылқауымды беремін”- деп айтады екен. Сосын Аллаһ тағала: “Ей, құлдарым! Менен тілеңдер, сұраңдар. Бүгін дүниеңіз және ақыретіңіз үшін не сұрасаңдар да беремін”- деп айтады.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев