А. Крыловтың 250 жылдық мерейтойы
Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханаға (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «ерекше қамқорлықты қажет ететін жастар» апта сайын асыға жетеді. «Алтын Ай» ҚБ «Сад» бөлімінің жастары бұл жолы ақын, мысал жазушы И.А.Крыловтың 250 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысты. Ақын-жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы фильм көріп, мерейтой иесі туралы сан сауалдарға жауап берді. Мысалдарын естеріне түсіріп, кейіпкерлерін сомдады. «Маймыл мен көзілдірік» атты мысалды сахнада қою тіпті қызықты өтті. «Сөзді шеш те, мысалдың бас кейіпкерін тап!» атты ойынға да ықыласпен, белсене қатысты. Осындай қызықтардан кейін қатысушылар И.А.Крыловтың мысалдары бойынша сурет салды. Қорытындысында айырықша қызықты да, мазмұнды шара ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне жастар дән-риза көңілдерін білдірді. «Қолжетімді орта – Қолжетімді кітапхана» қалалық бағдарламасы және «Өскемен қаласының әлеуметтік жағдайлары жағынан көмектесуді қажет ететін адамдарына арналған ОКЖ кітапханаларының ақпараттық қызметін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылатын шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев