Төлеген Рақымжанұлы шығармашылығына арналған кеш өтті.
Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өлке әдебиеті мен мәдениетін жас ұрпаққа дәріптейтін дәстүрлі «Мен өлкемді зерттеймін» атты ғылыми жобалар байқауы өтті.
Жыл сайын жас ғалымдар мен өлкетанушылар бақ сынайтын дәстүрлі қалалық байқау жоғары деңгейде өтіп, біршама ғылыми жұмыстар жазылды.
Биылға жоба тақырыбы - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Білім беру ісінің ардагері, ұстаз, ақын Төлеген Рақымжанұлының шығармашылығына арналды. Байқаудың мақсаты: Т.Рақымжанұлының шығармашылығын насихаттау, жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға бейімдеу, өлке әдебиетін зерттеу.
«Буырқанған Бұқтырма», «Туған жер сені жырлаймын», «Асылдарым», «Өлеңімнің өзегі – өр Алтайым», «Өлеңмен өрілген өмір» атты кітаптардың авторы Төлеген Рахымжанұлы төр Алтайға әйгілі ақын. Ақын ғана емес, абыройы асқақ ұстаз.
Ақынның ұрпақтары ғылыми жоба қатысушыларын марапаттауға қаржылай қолдау білдіріп, байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев