Келін түскенде; Келінді көлікпен келсе, үйден алыстау жерге түсіреді, жаяу келсе де үйден алыстау таза жерге тұрғызып қояды.( бұрындары ауылдан екі-үш қырқа астында тұрған) Келін түскен үйдің жақын әйелдері шарқат ( ШАРҚАТ – жаңа түскен келіннің басына салынатын торлы, үлкен ақ орамал) алып шығып, жаңа түскен келіннің басына жабады. Екі жағынан екі абысыны қолтықтап үйге қарай алып жүреді. Үйге жақындағанда үшеуі де иіліп сәлем салып келуі керек. Үйге кірместен алдын отқа май ерітіп, шарқаттың төмен жағын сәл көтеріп, Биссимилла, деп үш рет айтып, иіскетеді. Үйге кірерде Биссимиллаһи рахманр-рахим, деп оң аяқпен табалдырықтан аттайды.
ЕСКЕРТУ
Жаңа түскен келіннің басына шарқат салынған соң, бетінен сүйемін деп, т.б сылтаумен шарқатты өзгенің ашуына болмайды.(өте қажет болмаса, ауырып қалып тб жағдайда болмаса)
Жаңа түскен келінді енесі, жақындары бетінен сүю үшін шарқатты ашпай, сыртынан тек маңдайынан иіскеуі керек. Өзге кісілер де құшақтауға да болмайды. Себебі, жаңа туған бала, жаңа түскен келін сүйкімді болады. Жаңа өмірге қадам басып, өзге үйге келін болып түсіп жатқан жас уайымдап, қамығып, денесі дірілдеп, жүрегі алып-ұшып, жүрексініп, бойы балқып, әлсіз күйде болады. Сондықтан, қазақ жамандықтан сақтау үшін, келінге шарқат жабатын болған, тіл-сұқ, көз тиеді және сүр ауруы бар кісілердің ауруы өтеді деп. Үйге кірген соң, үстіндегі қыз күнгі киімдерін шешіп, енесі келініне арнап сақтаған кең, қазақы киімдер кигізеді. Үйдің оң жағына құрылған шымылдыққа келінді кіргізеді. Шымылдықта келін отырғанда өзге кісілер, ер азаматтар кіруіне мүлдем ұлықсат жоқ. Шымылдықта тек жанашыр абысын-ажын, қайынсіңілдер, құдашалар ғана отырады. Шымылдықта отырғандардың ішіндегі естияры келінге қарауыл қарап, өзге кісінің шымылдыққа кірмеуін және әлдебір арам ойлы кісінің қастық үшін дуа, тб заттарды қалдырып кетпеу үшін қарайлап отырады. Беташар жыры айтылып болған соң ғана келіннің шарқаты түріліп, жарым-жартылай ғана көрінетіндей етіп, бетін ашып қояды.
Қосымша ескерту: Жаңа түскен келінге әдейі қастық жасалатын жағдайлар болады, бала көтермей жүрген әйелдер, көптен сүр ауруы бар кісілер ырымдап, дуа, түрлі заттарды тастап, өз басындағы ауырлықты жаңа түскен келінге аударады. Мұндай жағдайларды өмірде көрдік, есіттік сондықтан білмейтін, есітпеген кісілерге ескертіп отырмыз.
Кейінгі уақытта келін түсіру дегенді ойынға, сахналық көрініске айналдырып, беті ашылмаған келінмен фотоға түсіп, айдай әлемге жариялап жатқандарды, жаңа түсіп жатқан келіннің шарқатын ашып, сүйіп жатқандарды және еш жақындығы жоқ жандардың құшақтап жатқанын көріп, бұрыннан келе жатқан ұлтымыздың әдебі мен салтын, кезінде өзіміз көрген, білген үрдістер мен ырымдарды, тиымдарды жазып отырмыз.
Әп әдемі, сүйкімді, тап~таза, Құдайдың жеткерген келінін өзгенің тіл-сұғынан, көзінен, айығуы қиын дертінен, басында жүрген түрлі қиыншылығынан сақтаңыздар……….
ҰРПАҒЫМЫЗ – сақтансақ, сақ болсақ, сақтасақ сау-саламат болады.
Қазақ Елі!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 9