Білім беру саласы: Денсаулық,Таным, Қатынас, Шығармашылық, Әлеумет.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Көркем әдебиет, Сурет.
Тақырыбы: «Жомарт ата бағында»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, күзгі өнімдер туралы түсініктерді ойын арқылы бекіту, ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.
Білімділік: Балаларға күзгі табиғат ерекшеліктері туралы түсінік беру, жемістер туралы білімдерін кеңейту, ойынға деген қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Балалардың іскерлігін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдылық белсенділіктерін дамыту, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Балаларды өзара топпен жұмыс істеу дағдысына және өзара көмекке тәрбиелеу. Өз пікірін айта отырып, басқалардың пікірін тыңдауға және еңбек сүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
ҰОҚ түрі: интеллектуалды жарыс.
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, жаттығу, ойын, сұрақтар.
Сөздік жұмыс: Егін жинау – күз мезгілінде ауыл шаруашылығы дақылдарын ысырапсыз тез, қолайлы да қысқа мерзімде жинау, қоймаға тасымалдау, сақтауға әзірлеу жұмыстары.
Билингвалды сыңары: егін жинау-собирать урожай, жемістер-фрукты, жидектер-ягоды, көкөністер-овощи.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видеоролик «Жомарт ата сөзі», «Жұмбақ», «Жапырақ», «Бөлшектерін жина», «Фрагментті тап», «Жемістер мен көкөністер», «Қайда өседі?», «Біреу-көп», «Шыңдар мен тамырлар», «Қалай жинаймыз?» дидактикалық ойындары және құралдары, «Бұл не?» мнемокестесі,
«Орындарын тап» д/о, «Коктейль» д/о, мақта таяқшалары мен губкасы бар таяқшалар, гуашь (қара, жасыл), ылғалды майлықтар, көрнекіліктер, фишкалар, «Ғажайып сәт» құралдары (қағаз майлықтар, су, тәрелке, фонарик, т.б), «Жемістермен дартс» пен «Көкөністерден боулинг» қ/о.
Оқу барысы:
I Ұйымдастырушы қозғаушы:
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздерме! «Жомарт ата» демеуші компаниясы ұйымдастырған интеллектуалды жарысқа қош келдіңіздер! Олай болса қатысушы командаларымызды қарсы алайық!
1. «Жеміс-жидектер» командасы
2. «Көкөністер» командасы
Екі команда «Жеміс-жидектер» мен «Көкөністер» залға кіреді (музыка).
- Жарысты бастамас бұрын, бір-бірімізге сәттілік тілейік!
Психологиялық сәт
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебіздерді
Қарсыласқа сыйлайық.
ІІ Ұйымдастырушылық –ізденістік:
Командалар орындарына отырады. Интерактивті тақтада «Хат келді» деген хабарлама келеді. Тәрбиеші мен балалар «Жомарт ата» демеуші компаниясының видео-хатын тыңдайды:
- Сәлеметсіңдерме, «Наурыз» бөбекжай-бақшасының ақылды да сүйкімді балалары! Мен Жомарт атамын, жазымен өзімнің бау-бақшаларымда көп еңбектеніп мол өнім жинадым. Енді сендерге сыйлық жасағым келді, алайда ол сыйлықты алу үшін менің тапсырмаларымды орындаңдар. Ендеше, балалар, сендерге сәттілік тілеймін!
Тәрбиеші: -Ал, балалар, іске сәт, жарысты бастайық! (командалар дұрыс орындалған тапсырма үшін фишка жинайды).
1. Тапсырма «Күз»
1) «Жұмбақ» (интерактивті тақта)
- Қылқаламсыз, бояусыз айналаны бояды. Ол не? (күз)
- Жарайсыңдар, балалар! Күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар (балалар жауабы).
2) Д/о «Жапырақ» (қағаз бетіндегі ойын, сары, қызыл, қызғылт сары балауыз қарындаштар).
- Балалар, күз мезгіліне көмектесейік. Сендерге тапсырма: нүктесі бар бөлшектерді ғана бояңдар, не шығады екен?
Ойын-жаттығу: қағаздағы боялған жапырақты оң қолдан сол қолға артынан ұстату.
Ғажайып сәт «Жапырақты суда бояу» (слайд: алдын-ала жұмысты көрсету)
- Жарайсыңдар, балалар! Күзді жомарт дейді, күз мезгілі берекесімен келеді, күзде адамдар егін жинайды.
Сөздік жұмыс: Егін жинау – күз мезгілінде ауыл шаруашылығы дақылдарын ысырапсыз тез, қолайлы да қысқа мерзімде жинау, қоймаға тасымалдау, сақтауға әзірлеу жұмыстары.
Билингвалды сыңары: егін жинау-собирать урожай.
- Балалар, біздің ата-әжелеріміз егінді орақпен орып, қолмен жинаған екен, ал қазіргі уақытта көптеген техникалық машиналардың көмегімен егінді тез жиіп алуға болады екен. Мысалыға: трактор, комбайн, жүк көліктері.
3) Д/о «Бөлшектерін жина» (флипчарт: трактор бөлшектерін жинау керек).
Ғажайып сәт «Аналарыңның қыс мезгіліне дайындығы»
(алдын-ала жұмысты көрсету)
4) Д/о «Фрагментті тап» (флипчарт: аңдардың да қор жинайтыны туралы түсінік беру).
- Балалар, Жомарт ата жазымен өзінің бау-бақшаларында көп еңбек етті. Ол кісі де еңбегінің нәтижесінде егін өнімдерін жинап алды. Олай болса келесі тапсырманы орындаймыз.
2. Тапсырма «Жемістер мен көкөністер»
1) «Бір сөзбен айт» (интерактивті тақта)
- Тақтада жемістер суреттері шығады, балалар атап береді. Бір сөзбен оларды не дейміз? (жемістер). Жидектерді атап шығады. Бір сөзбен не дейміз? (жидектер). Көкөністерді де атап шығады. Бір сөзбен не дейміз? (көкөністер).
Билингвалды сыңары: жемістер-фрукты, жидектер-ягоды, көкөністер-овощи.
1) Д/о «Қайда өседі?» (флипчарт: жемістер мен көкөністердің қайда өсетіні туралы түсініктерін бекіту).
2) Ойын «Біреу-көп»
Алма-алмалар
Шие-шиелер
Алмұрт-алмұрттар
Қызанақ-қызанақтар, т.с.с.
3) «Шыңдар мен тамырлар» (көкөністердің бірінің тамырын, бірінің бұтағындағы ұрығын пайдаланатыны туралы түсініктерін бекіту)
4) «Қалай жинаймыз?»
Картопты-қазамыз, сәбізді-жұламыз, асқабақты кесіп аламыз, қызанақты-тереміз, т.с.с.
3. Тапсырма «Бұл не?» (мнемокестемен жұмыс)
Көрсетілген мнемокесте арқылы екі команда бір-біріне жеміс немесе көкөніс қасиеттерін атап жұмбақ жасырады.
Сергіту сәті «Көкөністер биі»
4. Ойын «Орнын тап»
5. Шығармашылық жұмыс
1) «Коктейль» (жемістер мен көкөністерден түрлі сусындар жасауға болатыны туралы түсініктерін бекіту).
Ойын (тыныс алу жаттығуы): боялған сүтке үрлеп, суретті табу
2) «Қарбыз», «Қияр» (трафаретпен жұмыс)
3) Қ/о «Жемістермен дартс» және «Көкөністермен боулинг»
ІІІ. Қорытындылау
Сұрақ-жауап.
Жеңмпаз команданы анықтау.
Тосын сәт: «Жомарт атадан сыйлық»
Пошташы үлкен қорапта Жомарт атадан жеңмпаздарға сәлемдеме алып кіреді. Қорап ішінде көкөністер мен жемістер салынған екі себет.
Мадақтау. Қоштасу.
Тайтелиева Балзат Кадирбековна Татті ауылы "Арайлы" бөбекжай бақшасы, тәрбиеші
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев