»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті әріптесте, қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Алтын күз!» мерекесімен құттықтаймын. Бүгін «Жұлдызша» тобының дайындаған «Арайлы, алтын күз» атты ертенгілігіне қош келдініздер!
(Балалар әуенмен билеп кіреді). Жер берді жемісті, Күз келді келісті. Күз байлық , береке. Алтын күз мереке! Ән: «Күзгі вальс»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Өздерің қандай әдемі болып тұрсыңдар! Ертеңгілігімізді одан ары нұрландыратын бір жан жетіспей тұрған сияқты,балалар!
(Музыка әуенімен Күз ханшайымы келеді.Қолында бір себет базарлығы бар)
Күз ханшайымы: Армысыздар балалар! Күзгі бақтағы қонақтар! Өздеріңе әкелдім, Күздің сыйын көз тартар.
Балалар, мен сонау алыстан орманнан келдім. Сендер сияқты ақылды балаларды кездестірдім. Олар шетінен өнер-тапқыр, биші, әнші екен.
Жүргізуші: Қош келдіңіз! Күз ханшайымы біздіңде балаларымыздың сізге көрсетер өнерлері көп. Қане, балалар Күз ханшайымына тақпақтарымызды айтып берейікші.
Тақпақтар:
Рахима: Алақай! Алақай! Шаттанды балақай! Күз түсті, дән пісті. Айтамыз алғысты.
Богдан: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді.
Айзере: Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын, Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Мирас: Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық, алтын тау.
Жүргізуші: Күз ханшайымы енді біздің қыздарымыздың биін тамашалаңыз
Би: «Қолшатыр» ( қыздар билейді) Жүргізуші: Күз ханшайымы, мына сыйлықты балаларға берсек болады ма? Күз ханшайымы: балалар оны еңбекпен алулары керек. Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы балаларға жасыратын жұмбақтар алып келіпті, шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді.
Жұмбақтар: 1. Ағайынды бәрі, 2.Тырс-Тырс тамады , Шықса жасыл, Сайға қарай ағады. (Жаңбыр) Түссе сары.(Жапырақ)
3. Көшіп жүріп желменен,
Сеуіп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген.(Бұлт)
Күз ханшайымы: Енді балалар менімен қызықты ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Бірақ менің ойын үшін алып келген жапырақтарым ұшті-күйлі жоқ болып кетті. Аааа, есіме түсті, сендерге келе жатқанда сиқыршыны кездестірген едім, оған осында келе жатқанымды айтпап едім, соған өкпелеп, сиқырлап жапырақтарымды алып кеткен сияқты.
Балалар, Сиқыршыны шақырып , кешірім сұрасам қайтеді?
Балалар: -Сиқыршы, сиқыршы, сиқыршы! Сиқыршы келеді.
Сиқыршы: Амансыңдарма,балалар неге жиналып алғансыңдар?
Жүргізуші: Қош келдің, Сиқыршы! Сиқыршы өтінеміз, бізге жапырақтарымызды қайтарып берші. Біз мұнда Алтын күз мерекесіне жиналып едік. Балалармен ойын ойнағымыз келіп тұр. Саған да өнерлерімізді көрсетеміз. Сиқыршы біздің балаларымызбен ойын ойна
Жақсы онда, Абрака, дабрака, суууфффф!
(Тосыннан жапырақтар шашылады) музыкамен
Ойынның аты «Кім жылдам?»
Шарты: Шашылған күзгі жапырақтарды себетке жинау. Жылдамдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Күз ханшайымы: Ой, жарайсыңдар балалар сендер қандай жылдамсыңдар!
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің тақпақтарымызды тыңданыз. Раяна: Жетті желмен алтын күз, Жеміс жинау салтымыз. Жиып - теріп болған соң, Той жасайды халқымыз.
Алихан:Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан – алуан жапырақ. Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жамырап. Енілік: Келді міне күз, Айнала сары түс. Керемет, тамаша, Қандай әсем күз.
Амир: Қамба толды астыққа Алғыс саған алтын күз.
Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы, күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Иә,балалар күн бұлтты, жаңбырлы, салқын болады екен.
Күзде жауын,бұлт –тұман, Сары жапырақ жауады. Сары құйын ұйытқып, Сапырады даланы
(Күннің күркіреген дауысымен бұлт келед)
Бұлт: Амансыңдарма,балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Мен табиғат құбылысы Бұлтпын. Мен қатты ашулансам, жауын жауады. Жауын жауса, жердегі өнімдер піседі. Сендер сол өнімдерден дәрумен аласыңдар, бірақ мен ашуланып, жаңбыр жауғызғанда , сендер жылы киініңдер, ауырып қалмаңдар.
Жүргізуші: Амансыңба, Бұлт! Сен бізге жақсы келдің, біздің кішкентай бұлтарымыздың саған арнаған билері бар. Соны тамашалап, көңіліңді көтер.
Ендеше, жігіттеріміздің бұлт биін тамашалаңыздар.
Би: «Бұлттар» (ұлдар билейді)
Бұлт: Балалар сендер менімен ойын ойнағыларың келеме?
Ойынның аты: «Жау, жаңбыр»
Шарты: Күннің көзінде балалар ойнайды, жауын жауғанда қолшатырдың астына тығылады. Осылай 2-3 рет қайталанады
Бұлт: Қандай ақылды, шапшаң балаларсыңдар! Сендерге ризамын. Енді мен көңіл-күйлеріңді бұзбай қайтайын. Сау болыңдар,балалар!
(Музыка әуенімен кіріп келеді)
Кірпі: Сәлеметсіңдер ме Балалар! Мен жаңа өзі әдемі киінген, қолында себеті бар бір қызды көріп едім. Мына базарлығын жолда ұмытып кетіпті. Сендерге келмеді ме? Жүргізуші: Сәлеметсің бе! Кірпі
Иә келді, ол Күз ханшайымы! Кірпі бүгін бізде күз мерекесі өтіп жатыр, келіңіз бізге қосылыңыз, баларымыздың тақпақтарын, биін тамашалаңыз.
Кірпі: Жарайды
Жүргізуші: Балалар тағы кім күз айына арнап тақпақ айтады:
Тақпақтар:
Марьям:Қуандырып біздерді Кел жемісті алтын күз.
Ескендір:Жеміс-жидек пісті, Қамбаға астық түсті. Қызу жұмыс басталып, Жинап алды жан салып.
Рамазан: Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген.
Азамат: Көрініп еліме Күндері мереке. Келді ғой жеріме Күз дейтін мереке.
Елжан:Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді.
Би: «Көкөністер» (қыздар мен ұлдар билейді)
Кірпі: Ой, жарайсыңдар балалар, қандай әдемі билейсіңдер!
Мен кірпімін! Мен сонау алыс жерден сендерге келем деп шаршадым, қарным да ашты. Мына себетімдегі саңырау құлақтар мен бүрлер шатасып кетіпті. Соларды ажыратып беріңдерші.
Балалар: Жарайды
Кірпі: Ойын: «Кім ажыратады?» Ойынның шарты. Шашылған саңырауқұлақтар мен бүрлерді ажыратып өз себеттеріне салып береді.
Кірпі: Ой, рахмет балалар , қандай шапшаңсыңдар.
Мен енді орманыма барайын достарыма сендер туралы айтып бір қуантайын.
Сау болыңдар, келесі мерекеде кездескенше!
Ән: «Күз мезгілі тамаша»
Күз ханшайымы: Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар! Жүргізуші:
Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім менен тәрбие егіз дейміз. Әдебі мен тәлімі үндесетін, Балаларды болашаққа жетелейміз. Қош дейміз әлі талай кештер бар, Өнерлерің өрлей берсін балалар,-дей келе ортаңғы «Жұлдызша» тобының
«Арайлы,Алтын күз!» атты ертеңгіліміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!
«Айналайын» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ардақ Сатқынқызына сөз беріледі.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев