Порядок и безопасность обеспечили полицейские совместно со спасателями в часы крупного пожара в Петропавловске
↘↘↘
_________________________
10 қаңтар күні таңертең Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» пультіне Қазақстан Конституциясы көшесі, 55 мекенжайында орналасқан «Рахат» сауда үйі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген алғашқы болып жеткен патрульдік полиция батальонының экипажы қатты түтін туралы хабарлап, қосымша көмек жіберуді сұрады. Бұл жерге дереу 11 автопатруль, 35 полиция қызметкері жіберілді.
Тәртіп сақшылары өрт сөндіру техникасының еркін өтуін қамтамасыз етіп, оқиға орнын қоршауға алды, сондай-ақ сауда үйі жапсарлас орналасқан 9 қабатты үйдің төрт подъезінің екеуіндегі тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті. Полиция автобусы 30 адамды қабылдады, оның ішінде қою түтін жайлаған үйден шығарылған балалар да бар.
Сондай-ақ жылжымалы эвакопункт ретінде патрульдік машиналар, ТЖД-ның 2 вахтовкасы және екі жолаушылар автобусы пайдаланылды.
Қазіргі уақытта шұғыл қызметтердің жұмысы жалғасуда. Патрульдік полиция мен учаскелік полиция инспекторлары аумақты қоршап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.
Полицейлер мен құтқарушылар фото және видео түсіруге асыққан қала тұрғындары мен қонақтарына шұғыл қызметтердің адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстарына кедергі келтірмеуді сұрайды және өрт болған жерде жүру қауіпті екенін еске салады.
_________________
Ранним утром 10 января на пульт «102» управления полиции г. Петропавловска поступило сообщение о пожаре в торговом доме «Рахат», расположенном по ул. Конституции Казахстана, 55.
Первый прибывший на место экипаж батальона патрульной полиции сообщил о сильном задымлении и попросил помощи. На место незамедлительно были направлены 11 автопатрулей, 35 сотрудников полиции.
Стражи порядка обеспечили свободный проезд техники пожаротушения, оцепили место происшествия, а также помогали эвакуировать жителей двух из четырёх подъездов 9-этажного дома, к которому пристроен ТД. Автобус полиции принял 30 человек, в том числе детей, которым пришлось в спешке покинуть задымлённое здание.
Также в качестве передвижных эвакопунктов были использованы патрульные машины, 2 «вахтовки» ДЧС и два гражданских автобуса.
На данный момент работа экстренных служб продолжается. Патрульные полицейские и участковые инспекторы полиции держат оцепление, обеспечивая охрану общественного порядка.
Люди в погонах обращаются к жителям и гостям города с убедительной просьбой не рисковать и не мешать работе экстренных служб по спасению людей ради эффектных фото и видео.
https://polisia.kz/iim-2024-zhyly-habar-osharsyz-ketken-1361-adamdy-anyqtady/ МВД установило местонахождение 1361 без вести пропавшего человека за 2024 год https://polisia.kz/ru/mvd-ustanovilo-mestonahozhdenie-1361-bez-vesti-propavshego-cheloveka-za-2024-god/
https://polisia.kz/politsiya-petropavldaghy-zhumysshy-kentinde-bir-kun-ishinde-60-tan-astam-buzushylyqty-anyqtady/ Свыше 60 нарушений за 1 день выявили полицейские у жителей Рабочего поселка в Петропавловске https://polisia.kz/ru/svyshe-60-narushenij-za-1-den-vyyavili-politsejskie-u-zhitelej-rabochego-poselka-v-petropavlovske/
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев