Төртіншісі, Құран оқу
Құранның өзіндік қасиеті бар. Күнәға жақындаған мұсылман Құраннан алыстай береді. Керісінше күнәдан алыстаған пенде Құранға жақындайды. Яғни, жүректі таза күйіне түсіретін бірден бір жол – Құран оқу. Оның әрбір сөзі жүректің түнерген қатпарларына жарық сыйлайтын нұр іспетті. Ол болмашы қателіктен бастап, дүниеге махаббат қоюға дейінгі күллі кеселдер мен дақтардың жұрнағын да қалдырмайды. Ол – мағынасы мен кереметі мәңгі түгесілмес Алланың кәләмы. Алла Тағала Құран Кәрімде:
وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِنِينَ
«Біз Құранда мүминдер үшін шипа һәм рақым болатын аяттар түсіреміз», – деген («Исра» сүресі, 82-аят).
Құран – күллі адамзат үшін өмірдің барлық салаларында (қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және моральдық тұрғыда) ең жоғары дәрежелі кемел үлгі болатын Хақ кітабы. Құран Кәрім сөздері адамзатты надандықтан, зұлымдықтан, қараңғылықтан жарық жолға – ілім жолына, ізгілік пен мәдениет жолына бастайды. Сондықтан Құранға заманның, уақыттың өзгеруі ешқандай әсер етпейді. Құран еш уақытта заман, ғасыр соңында қалмайды, керісінше ғасырды, заманды өз соңынан жетелейді.
Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтайды, нұрға ергендерді Алланың Өзі құтқарады. Құран жүрекке орнықса, Алламен болатын байланыс арқылы нәпсіні тазалайды. Сол үшін адам жүрегі Алланы еске алумен ғана тыныштық табады.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, су тиген темірді тот басқаны секілді, жүректі де тот басады», – дейді. Сонда сахабалар (Алла оларға разы болсын): «Оны қалайша кетіреміз?» – деп сұрақ қояды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өлімді көп еске алу һәм Құранды көп оқу арқылы», – деп жауап береді (имам Байхақи).
Сондықтан тұла бойымызды нұрландырып, түрлі рухани кеселдерден арылтатын Алланың кәләмі Құран Кәрімді көп оқуымыз керек. Бір ғана «Кәһф» сүресінің қасиеті жайында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің өсиетінде: «Жұма күні «Кәһф» сүресін оқыған адамға екі жұманың арасында нұрландырып тұратын нұр беріледі», – деген (Байһақи).
#туражол #ислам #Құран #ихсан #білім #ілім #зікір #таухид #намаз #ораза #рамазан #ниет #сәресі #ауызашар #қадіртүні #айт #оразаайт #шаууаль #жүрекдерті
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев