Ислам дінінде ең қасиетті жыл бар. Ол – Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген жыл. Қасиетті ай бар. Ол – Рамазан айы. Қасиетті күн бар. Ол – жұма күні, Арафа күні және тағы да басқа қасиетті күндер. Қасиетті сағат (уақыт) бар. Ол – дұға қабыл болатын сәт. Қасиетті түн бар. Ол – Қадір түні. Мың айдан да қайырлы бұл түннің ерекшеліктері де жетіп артылады.
Алла Тағала Қадір түнін басқа түндермен салыстырғанда ерекшелеп, оның дәрежесін көтерген. Бұл түнде Жаратушы Иенің пенделеріне берер сыйы да мол. Раббымыз пендесіне басқа түндерде бермеген ризық-несібесін осы түнде үлестіреді. Сол себепті, мұсылман қауымы Қадір түнін тағатсыздана күтіп, оны құр жіберіп алмауға әрі бұл түнді тиімді пайдалануға тырысады. Мұсылмандардың Қадір түнін тағатсыздана күтуінің тағы бір себебі – Жаратушыға жақындау. Себебі, Қадір түнінде тілеген дұға-тілектер сөзсіз қабыл болады. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл түн туралы былай дейді:
انَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ ﴿١﴾ وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ ﴿٢﴾ لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ ﴿٣﴾ تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ ﴿٤﴾ سَلَامٌ هِيَ حَتَّىٰ مَطْلَعِ الْفَجْرِ ﴿٥﴾
«Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» (Құран Кәрім, «Қадір» сүресі).
#туражол #ислам #Құран #ихсан #білім #ілім #зікір #таухид #намаз #ораза #рамазан #ниет #сәресі #ауызашар #қадіртүні
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1