Кете руы да, басқа түркі тайпалары секілді әлемдік өркениетке көп үлес қосқан халықтардың бірі. Б.д.д. көне тарихшылардың жазуы бойынша. Тұран даласында өмір сүрген сақ тайпаларының бірі массагеттерден тарағандығы жөнінде кезінде көптеген тарих зерттеушілері жазды, тасқа таңбаланған тарихи деректер арқылы дәлелдерін келтірді. Біздің заманымыздағы IV гасырда Атилла бастаған Ғүн империясы Еуропаны жаулап алған кезеңдерді тарихшылар «Халықтардың ұлы көші» деп атады. Сол «¥лы көшпен» бірге болған, Кете тайпасы Еуропада гот (германдықтар) тайпасын қалыптастырды немесе Кетелер билеген уақыттарда сол жердегі жергілікті халықтар осы атауды иемденді. Үш таңбалы Кете тайпасының негізгі таңбасы крест бейнесінде бедерленген. Бұл таңбаның қазақша атауы «Ашамай таңба» делінеді. Бұл таңба жарты әлемге билігін жүргізген әйгілі Шыңғыс қағанның таңбасы есебінде де танымал. Кетелердің шежіре бойынша екінші атасы Бозаншар, Шыңғыс қағанның ата-тек шежіресінде он бесінші атасы болып келеді. Демек, атақты жиһангермен түбіміз бір деген сөз. Осы Шыңғыстың жеңісті жорықтарына қызыққан Адольф Гитлер осы таңбаның төрт тарабының ұшын қайырып, өз таңбасы етіп шығарады. Ақсақ Темірді идеал тұтып, тегін Сталин деп өзгерткен Иосиф Виссарионович секілді, Гитлерде Шыңғыс хан секілді жиһангер болуды мақсат тұтқан. Небір қилы тағдырды бастан кешіп, тарихтың түрлі қатпарларында жойылып кетпей осы дәуірге жеткен «Кете» тайпасы, өткелектің өлім көпірлерінен дін аман шығып отырған. Өте ерте дәуірлерден бері атадан балаға берілетін ауызша шежірелерде және рулық таңбаларда жалғандық болмайды. Біздің кеңестік кезеңдерде қалыптасқан ғылыми ортамыз, осы ауызша шежірелерді ғылыми дәлел ретінде қабылдамауы яғни, есепке алмауы өрескел қателік деп ойлаймын. Дегенде, біздің ауызша шежіремізде Кіші жүздің Қаракесек бірлестігінен Байсары, Әлім, Шөменді таратады. Бұрындары осылай таралатын ата-тек шежіреміз соңғы кездері бөлек құбылып, басқаша сипат ала бастады. Яғни, Қаракесек бірлестігінде екінші аталатын Әлімнен тарату белең ала бастады. Бұл, 1801-1804 жылдар шамасында орыс зерттеушілерінің үстірт жазбаларынан кеткен өрескел қателік еді. Қызылорда қаласында тұратын ата-тек шежірелерді әуесқой зерттеуші, Әлім руының ақсақалы Әлібек Сабырбаев Мамай туралы, оның шыққан тегі Қият тайпасы жайлы еңбегінде Байсарының бір баласы АқКетелер туралы айта келіп, жалпы Кетелердің Әлімнен тарамайтынын, Қаракесек бірлестігінде болғанмен Кетенің әлдеқайда көне тайпа екендігін айтып өтеді. Ал, бұл тұжырым біздің бұрынғы ақсақалдарымыздың айтқан шежірелік баяндарымен сәйкесіп жатыр. Әйгілі, Шыңғыс хан жайлы жазылған Лубсан Данзанның «Алтын топшысында» Жошы ханның беделді биінің бірі «Кете би» туралы айтылады. Бұл бидің аты Кете болмауы да, бек мүмкін. Кете руынан шыққан би, өзінің азан айтып қойған атын көпшілік руымен атағандықтан солай жазылып кеткен болуы да ғажап емес. Кетеден шыққан бидің бауырлас Жошы ханның жанында жанашыр ретінде жүруі де, заңдылық. Бұл сөзімізге шығыста тұратын тарихшы азамат Мүбәрәк Қизатұлының Қытай архивтік деректеріне негізделген «Шыңғысханға таласса Кетелер талассын» деген көлемді мақаласы тұздық болды. Кетенің Әлімнен тарамайтыны, бұл жосықсыз өтірікке, түсінетін адам болса біздің рулық таңбамыз толық жауап береді. Сондықтан, Қаракесектің ғана емес, бүтін Кіші жүздің ноқта ағасы ол- Кетелер. Неге? Өйткені, үш жүздің ноқта ағалары аталатын рулардың барлығының Шыңғыс ханмен қатысы бар. Ұлы жүздегі Жалайыр, орта жүздегі Тарақты, кіші жүздегі Кетелердің талайлы тарихына көз жүгіртсең міндетті түрде бір байланыс табарың анық. Енді түп бабамыз Қаракесек кім? Ежелгі Оғызды 24 тайпа құрағаны белгілі.Сол тайпалардың бірі—Қият. Жекеше түрде-Қият, көпше түрде- Кая аталған. Бабамыз төрпақ, ірі адам болса керек.Мына анадолы түрктері-Каяалып деп атайды, біз-Қаракесек дейміз. Бұрынырақта үлкендеріміз Қайырбай деп те,айтатын. Яғни, ірі адамды "Кесек тұлғалы" дейтініміз секілді. Ал, осы Қаракесектің кенжесі Шектілер. Алайда, тарихи деректерді орынына келтіру біздің парызымыз болғанмен, түбі бір туыстан бөлінбеуіміз керек. Академик Әлкей Марғұланның «Кете - ежелгі заманғы сақ, ғұн дэуірінде пайда болған, қалыптасқан өте көне тайпа. Оның айтуынша массагеттер осы кете тайпасының ата-бабалары, кейінен ғүн тайпаларының (¥лы жүзде: Абақ, Екей, Суан, Албан; Кіші жүзде: Кердері, Кете, Адай; Орта жүзде: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, т.б.). «Ескі атасы Қияттардан тарап, Ергөне көң (Өтүкөн) алқабынан шыққан елдер», - екендігін атап көрсеткен (Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985, 57, 58-66), Автордың осы еңбегіндегі пайымдауларымен , өзгеше ой ағымдары және Кетелер туралы бұрынғы зерттеушілердің деректеріне сүйене отырып, зерттеу обьектісінің мазмұнын байытып, бұдан әрі де Кете тайпасының тарихын іздей түсуге жас тарих зерттеушілердің құлшынысын арттырады. Әрбір адам өзінің шыққан тегінің бұрмалануы мен шындықтан алыс жатқан көрнеу қиянатқа бей-жай қарай алмайтыны ақиқат. Құрметті оқырман, тарихи деректерді мейлінше молынан пайдаланылған осы еңбекті оқи отырып, Сіздер де ақиқатына көз жеткізесіздер. Сондықтан, қолыңыздағы Кете тайпасының тарихы мен тарихи ақиқатына арналған еңбек, келешекте тарихтың ашылмай жатқан сырларына үңілуге өз септігін тигізетіні анық. 1800-ші жылдардан бастап, Кетелердің тарихына қатысты зерттеушілердің еңбектерін қалдырмай оқып, зерделеп, соны тұжырым жасаған авторларға ризашылық көңілімізді білдіреміз. Бұл еңбектің тағы бір пайдалы жағы бар. Ол, үш ата Қаракесек балдарының ынтымағына сызат түсіретін тұстарын нақты, тарихи деректермен шегендеп, тең атаның балдарының ауызбірлігін нығайта түседі. Себебі, кезінде саясат дейміз бе, алауыздық тудыру үшін әдейі жасалған қиянат дейміз бе?, осындай қаңқу сөздерге тоқтам болар еңбек екені сөзсіз. Шындығына келгенде біздің Кете аталуымыздың басты себебі, түп қазық ата-бабаларымыздың алтын бесік, күміс құндағы болған Алтай,Саян тауларындағы «Кэть» деп аталатын жер атауында жатыр. Сондықтан, «Кетебике деген шешелерің болған» деген жалған сөздің шекпенін шешіп, шындықтың мақпал ішігін кигізетін уақыт жетті. Сол талабымызға жетуге сүйеу болар қолдарыңыздағы тарихи-еңбек оқырманға ой салар міндетін адал атқарарына сенімдімін!
Саймағанбетов Берік, Кетенің Киікші аталығынан
Жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері
https://www.tiktok.com/@islamhas01/video/7461993070901398789?_r=1&_t=ZM-8tRQgKvxmpp
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев