ҚАЗАҚ:
Әй, Корвирус! Ассалаумағалайкум!
Дүниені шулатып қайдан келдің?
Көзге түспес тозаңдай сен пәледен,
Күні қараң болуда талай елдің!
КОРВИРУС:
Уғалайкумуссалам! Қазақпысың?
Жерің байтақ, ал өзің азақпысың?!
Саған соқпай кетейін деп-ақ едім,
Қалталыңа шет елде - сонда жұқтым!
ҚАЗАҚ:
Сені кімдер жасаған, ғалым ба екен?
Қара ниет әлде бір залым ба екен?
Билеу үшін әлемді АҚШ. Қытай,
Бір-біріне қолданған қару ма екен?
КОРВИРУС:
Мен қазіргі Вирустар - пәлесімін!
Бар әлемді шошытар ТӘЖ есімім!
Жасаған жоқ, еш ғалым, еш залымдар,
Мен кәдімгі - Гриптің баласымын!
Бай елдердің қорқытып барын шаштым!
Кедей елдің әлемге "көтін" аштым!
Тәубәсіне түсіріп Адамдарды,
Бар екенін ескерттім ТӘҢІР-КҮШТІҢ!
ҚАЗАҚ:
Нең бар еді қазақта тыныш жатқан?
Кедейліктен "қан жалап, битін сыққан":
Күн көрістен айрылған мына халық,
"Үйқамақта" сорлаған қиындықтан.
КОРВИРУС:
Үсті де бай, жеріңнің асты да бай!
Таяқ тықсаң атқылар газ бен мұнай!
Ұлан ғайыр далаң бар қазыналы,
Жарытпаған сендерді қандай құдай?!
Құдай емес сендерді кедей қылған!
Биліктерің құралған кілең қудан.
Бар байлығың солардың құлқынында,
Офшор менен Банкте шетте құрған.
Қарасаңшы! АҚШ қа билігі адал!
Көмек алған мың доллар әр бір адам!
Ал, билігің сендерге тиын беріп,
Сол тиынды көп кедей алалмаған!
ҚАЗАҚ:
Жылатпашы, халқымды жылатпашы?
Көз жастарын көл қылып бұлатпашы?
50 адам көз жұмды, мыңдап ауру,
Енді осыған, Тәжвирус тұрақташы?
Өзің айтқан жерім кең, саным аз-ақ,
Талай қырғын, нәубәтті көрдік азап.
Кет! - деген де, кетпесең! Тұрарыңды айт!
Тәжбасыңды кеседі батыр қазақ!
КОРВИРУС:
Жағдайыңды көрдім де, аяп кетім!
Қөз жасыңа қалмайын, қазақ-тектім!
Батыр халық екенсің, ақын халық!
Көбейе бер қытайдай! Ал, мен кеттім!
25.04.2020.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1