Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 170 адамға артық, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:
- қандастар үшін: #Павлодароблысы – 1 056 адам, #Ақмолаоблысы – 285 адам, #ШығысҚазақстаноблысы – 269 адам, #Абайоблысы – 244 адам, #СолтүстікҚазақстаноблысы – 175 адам, #Қостанайоблысы – 150 адам, #Атырауоблысы – 100 адам, #БатысҚазақстаноблысы – 30 адам;
- қоныс аударушылар үшін: #Павлодар облысы – 3 050 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 2 969 адам, #Қостанай облысы – 535 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам, #Абай облысы – 255 адам, #Ұлытауоблысы – 125 адам, #Қарағандыоблысы – 38 адам.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:
- көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
- 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
- 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
- тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру. https://www.instagram.com/p/DErXwC0u2tG/
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев